"Тазалық — денсаулық кепілі, болашаққа бағыт!"
28.09.2026
Бүгін мектебіміздің ұжымы мен оқушылары қалалық “Тазалық марафоны” плоггинг акциясына зор ынтамен қатысты! Плоггинг — бұл жай ғана тазалық жұмысы емес, бұл жүгіру немесе жылдам жүру барысында қоршаған ортаны қоқыстан тазартуды біріктіретін заманауи экологиялық қозғалыс. Біздің белсенді оқушыларымыз бен ұстаздарымыз туған қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосып, табиғатқа жанашырлық танытудың тамаша үлгісін көрсетті. Таза қала — әрқайсымыздан басталады! Ортақ үйімізді көгалдандыру мен таза ұстауға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

Просмотров: 55