Текст
Білім бөлімінің қолдауымен және №11 мектеп-гимназиясының бастамасымен қалада 1500-ге жуық оқушыны қамтыған ауқымды «Бес асық» ойыны ойнатылды. Біздің мектептен бұл жобаға 100 оқушы қатысты. Бұл ауқымды жоба ұлттық «Бес асық» ойынын насихаттауға, мәдени құндылықтарды нығайтуға және жастардың дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Біздің басты мақсатымыз — «Бес асық» ойынын Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енгізу. Біз бұл оқиға дәстүрлеріміздің өміршең екенін және мыңдаған жүректі біріктіре алатынын айқын дәлелдейді деп сенеміз. Мектебіміздің оқушыларына, ата-аналары мен ұстаздарына алғыс білдіреміз!
