05.04.2026
026 жылғы 2 сәуір күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің қолдауымен қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған ұстаздар арасында қалалық айтыс өнері байқауы өтті. Аталған іс-шара №11 мектеп-гимназиясының базасында ұйымдастырылды.
Айтыстың негізгі мақсаты – айтыс дәстүрін кеңінен насихаттау, Жамбыл Жабаев шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ аталған өнерді ұстаздар қауымы арасында дамыту.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
– Бас жүлде №19 мектеп-гимназиясы Роман Нұрлыбекке табысталды;
– І орын №11 мектеп-гимназиясы Мырзат Берденбекке бұйырды;
– ІІ орын №21 мектеп-лицейі Амиржанов Ерлан Жасұланға берілді;
– ІІІ орын Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі Бегзан Асмасбекке тапсырылды.
Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша:
– «Тапқырлық шебері» номинациясы №2 мектеп-лицейі Абиев Айбек Жұмабекұлына;
– «Көрермен көзайымы» номинациясы Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы Харақожа Еркегүлге;
– «Айтыс жанашыры» номинациясы Ауенов Дәурен Кемелбекұлына;
– «Сөз шебері» номинациясы №13 мектеп-гимназиясы Жәдігерұлы Жасқайратқа табысталды.
Аталған іс-шара ұстаздардың ақындық әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақтың бай рухани мұрасын насихаттауға зор үлес қосты.
