"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№11 мектеп-гимназиясы» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылға арналған есеп

27.02.2026

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» КММ-нің «Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, С.Мұқанов көшесі, 4 а.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
№11 мектеп-гимназиясында 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
  2. «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».
  3. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну».
  4. «Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру».
  5. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау».
  6. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету».
  7. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
  8. «Педагогтердің аттестациядан өтуі үшін құжаттарды қабылдау».
  9. «Жұмысқа қабылдау».

2025 жылы барлығы 532 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • қағаз нысанында – 373 қызмет;
  • электрондық нысанда – 159 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде және мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  • «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»;
  • «Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру»;
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер:

Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат №11 мектеп-гимназиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылған:
https://11mektep.edu.kz/news/open/id-5372948

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады. №11 мектеп-гимназиясында нормативтік құқықтық актілер әзірленген жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:

2025 жылы №11 мектеп-гимназиясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша 3 семинар-кеңес, 2 конференция өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды:

  • әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) – 46 жарияланым;
  • тікелей эфирлер – 3.

Ай сайын қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру қызметі

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында №11 мектеп-гимназиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесі – ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесінде жұмыс істейді.

2) Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 6 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері:

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтарға жол бермеу шаралары қабылдануда.

 

Алдағы кезеңге жоспарлар

2026 жылы жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жалғастырылады.

 

 

 

 

Директор                                                                      Б.Б.Кусакаева

 

Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст